"Біз әділ жолмен әділетті президент сайлауына қол жеткізгіміз келеді",- деп мәлім етті Ф. Құлов. Оның сөздеріне сүйенсек, "2005 жылғы наурыз төңкерісі республика халқының үмітін ақтаған жоқ". Экс-премьер оппозицияның конституциялық реформа жүргізу туралы талабын тағы да айтып өтті.
Оппозициялар митингісі Қырғызстанның әнұранын айтумен басталды. Шараны қырғыз парламентінің депутаты Мелис Эшимбаев ашты. Ол елдің бүкіл аймақтарында 5-сәуірден бастап өтіп жатқан саяси аштыққа қатысушылардың бірі. Аштыққа қатысушылар бүгін оппозицияның митингісіне қосылды.
Қазір қаланың орталық алаңында 10 - 12 мыңдай адам жүр. Митингіге қатысушылар қолдарына орыс, қырғыз және ағылшын тілдерінде мемлекет басшысының отставкаға кетуін, мерізімінен бұрын президент сайлауын өткізу мен конституциялық реформаны талап еткен транспаранттар ұстаған.
Митинг барысын Қырғызстанның үкімет үйінің шатырына орналасқан мергендер бақылауда. Үкімет үйінің қақпасына "Күзетілетін нысан. Рұқсатсыз енген жағдайда қару қолданылады" деген тақтайша ілінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті