Қырғызстан оппозициясы саяси дағдарысты ушықтыруда- Қырғызстан үкіметі

Хабарламада көрсетілгендей , "Оппозиция өкілдері радикалды әрекеттерімен, билікке қысым жасау арқылы елде саяси дағдарыс жасамақ. Қазірдің өзінде Жогорку кенеш екі топқа бөлініп, жұмыс тоқтады".

Құжат авторларының айтуынша, заңға қайшы келетін жаңа Конституцияны қабылдауды талап етіп отырған бір топ депутаттардың әрекеттері "тек құқық бұзушылық қана емес, саяси оқиғаның орын алуына ықпал етуде". Қырғызстан үкіметі, бұл шара билікті конституцияға қарсы әдіспен басып алудың амалы деп бағалауда. Хабарламада "мұндай жағдайда, саяси дағдарысты шешудің ең тиімді жолы - тек құқық негізінде және конституция аясында жұмыс істеу", делінген.

Құжатта жаңа Конституция қабылдау туралы шешімді Қырғызстан парламенті тек бекітілген тәртіппен ғана қабылдай алады. Конституцияға бекітілген заң тәртібіне сәйкес және конституциялық құқылы органдар ғана өзгертулер енгізе алады,-деп көрсетілген.

"Тек заң аясында жұмыс істейтіндігін" атап өткен ел үкіметі "Конституцияны басқа жолмен қабылдау заңсыз боп есептеледі",-дейді.

Қырғызстанның министрлер кабинеті " Қырғызстан Республикасының үкіметі Конституция аясында өтпеген құрылтай жиналысының шешімін мойындамайды және азаматтарды арандатушылық әрекеттерге илікпей сабырлық сақтауға шақырады".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті