Бішкек ішкі істер бас басқармасының мәліметіне сәйкес, оппозицияның жақтастары түнеп шыққан киіз үйлер қалашығында түн тыныш өтті. Қазір алаңда мыңнан астам адам жүр. Олар көбінесе өз киіз үйлері мен шатырларында жатыр.
Ал оппозиция өкілдері осы уақытта "Қырғызстанның лайықты болашағын үшін" біріккен фронты мен "Реформалар үшін" қозғалысы бірлесе дайындаған Конституцияның жобасын қарау үшін парламенттің шұғыл отырысын шақыру жөнінде келіссөздер жүргізуде. Бүгін Қырғызстан астанасының орталығында саяси митингімен бірге Ресейдің эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.
Оппозиция жетекшілерінің айтуынша, кеше наразылық шарасына 35-50 мыңдай адам қатысты. Қырғызстан құқық қорғау мекемелерінің мәліметінше, қатысушылар саны бұдан әлдеқайда аз. Бүгін оппозиция өз жақтастарының қатарын өңірлерден келген адамдардың есебінен көбейтпекші.
Митингті ұйымдастырушылар өз жақтастарын тамақпен қамтамасыз етуде. Кеше кешке митингіге қатысушыларға палау мен шелпекті шай таратылды. Ал түскі ас ретінде сағат 16-да бутерброд берілді.
Алаңда дәрігерлер тобы тәулік бойы кезекшілік жасауда. Кеше дәрігерлер басы ауырған бірнеше адамға көмек көрсетті. Мамандар оның себебін күннің ыстық болуымен байланыстыра түсіндіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті