Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан бас прокуроры Әзімбек Бекназаровтың таныстыруы парламентке биылғы 23-маусымда келіп түскен. Қырғызстан заңнамасына сәйкес, бұл мәселе үш айдың ішінде, демек, 23-қыркүйекке дейін шешімін табуға тиіс.
А.Ақаевтың үстінен төрт қылмыстық іс қозғалды. Оған заңсыз тапқан қаржы немесе басқа мүлікті легализациялағаны, көпе-көрнеу заңсыз жолмен тапқан қаржы немесе мүлікке қатысты қаржылық операцияларды жүзеге асырғаны үшін айып тағылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті