Қырғызстан парламенті Ақаевты отставкаға жіберіп, жаңа президент сайлауының мерзімін белгіледі

Сөйтіп депутаттар Асқар Ақаевтың отставкасын қабылдау туралы мәселені бес отырыс бойына талқылады. Өткен аптада Қырғызстан парламенті президенттің іс-қызметі туралы заңға өзгерістер енгізді. Соған сәйкес А.Ақаев пен оның отбасы мүшелері бірқатар артықшылықтарынан айрылды.

Алдағы президент сайлауына қатысатындығы туралы республиканың 10 шақты саяси қайраткері ниет білдіріп отыр.