Қырғызстан парламенті депутаттардың Оңтүстік Осетияға баратыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы қақтығысты шешуде дәнекер болуды ұсыну үшін Қырғызстан парламентінің делегациясы түнделетіп Цхинвалиге ұшқалы жатыр деген ақпарат жалған болып табылады.

"Парламент депутаттары қазіргі уақытта демалыста. Олардың ешқайсысы ресми түрде делегация бола алмайды. Егер де депутаттардың бірі Кавказға барып жатса да, ол жеке сапар сипатында болады", - деп толықтырды парламенттің баспасөз қызметі.