Қырғызстан парламенті депутаттың өліміне қатысты ақпарат үшін 25 мың доллар төлеуге дайын

Жогорку кенештің баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, бұл қаржы Қырғызстан парламентінің бюджетінен бөлінбек.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ж.Сурабалдиев 10-маусым күні Бішкек қаласының орталығында кісі қолынан қаза тапқан болатын. Оны белгісіз біреулер автокөліктен жанынан өте беріп атып кеткен. Алдын-ала расталмаған мәліметке сәйкес, қылмыс жасалған автокөлік Бішкектен бірнеше шақырым жерден өртенген күйде табылды.
Бүгін, 14-маусымда Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Таштемір Айтбаев Қырғызстан парламентінің жиналысында депутат Жырғалбек Сурабалдиевтің өліміне қатысы бар үш күдіктінің ұсталғанынан құлағдар етті.