Қырғызстан парламенті Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке қабылдау туралы хаттаманы бекітті

Құжатты депутаттарға Қырғызстан СІМ Аликбек Жексенқұлов таныстырды. Оның айтуынша, Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке қабылдау екі жақты және көп жақты деңгейлердегі әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке қабылдау туралы хаттамаға 2006-жылдың 25-қаңтарында Санкт-Петербург қаласында қол қойылған.

ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері енеді.