Қырғызстан парламенті президент сайлауы белгіленген күнді қайтадан өзгертті

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауын 2005-жылдың қазан айында өткізу жоспарланған болатын. Алайда, республикадағы наурыз айындаы тәртіпсіздіктерден кейін, билік оппозицияның қолына көшіп, Асқар Ақаев елден кеткен соң өткен шақырылым парламентінің жоғарғы палатасы президент сайлауын 2005-жылғы 26-маусымға белгіледі.

Бүгін парламент бұл шешімнің күшін жойды. Сайлау өткізетін күнді парламенттің жаңа құрамы А.Ақаевтың отставкасын қабылдағаннан кейін жариялайды.