Қырғызстан парламенті Қамбарата су электр станцияларын жекешелендіру туралы заң жобасын қабылдамай тастады

Заң жобасын қолдап 33 депутат дауыс берді. Ал бұл құжатты бекіту үшін

38 депутат мақұлдауы қажет болған. Заң жобасының Қырғызстан парламентіндегі талқылаулары өткен аптада басталған. Заңды қабылдауды Қырғызстан үкімет басшысы Алмазбек Атамбаев пен президент Құрманбек Бакиев депутаттардан сұраған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті