Қырғызстан парламенті зейнет демалысына шығатын жас мөлшерін төмендету жөніндегі түзетулерді қабылдады

"Мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік сақтандыру туралы" заңға енгізілетін түзетулерге президент қойған ветоны еңсеру үшін 62 депутат дауыс берді. Қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау үшін 38 дауыс болса жеткілікті.

Қабылданған заң жобасына сәйкес, қырғызстандық әйелдер 55 жаста, ал ер адамдар 60 жаста зейнет демалысына шыға алады. Бұрын әйелдер 58, ер адамдар 63 жаста зейнеткерлікке шығатын.

Қырғызстанда 500 мың азамат зейнетақы алады, қарттарға берілетін ай сайынғы орташа төлем 20 АҚШ доллары шамасында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті