Қырғызстан парламентінің депутаттары 2008 жылдың бюджетін бірінші оқылымда қабылдады

Қаржы министрі Тажикан Калимбетованың айтуынша, бюджет әлеуметтік мәселелерді қарастыратын болады, қаржының 40 пайызға жуығы әлеуметтік салаға - денсаулық сақтау мен білім беруге жұмсалатын болады.

Қырғызстанның республикалық бюджетінің кірісі 40 млрд сомға жуық қаржыны құрайтын болады, бюджет тапшылығы - 3,5 млрд сом. 2008 жылы ЖІІ 6,7 пайызға өсіп, инфляция 12 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде.

Депутаттар Т. Калимбетованың арнайы қаржы көлемін 20 пайызға немесе 200 млн. сомға дейін көтеру туралы ұсынысын қолдады. Бюджетке Талдыбулак Левобережный алтын кенінен түсетін бір реттік түсім - 20 млн АҚШ доллары, американдық Ганси әуебазасынан - 17,5 млн АҚШ доллары, Украинаның 28 млн АҚШ долларына жуық қарызы кіреді. Депутаттар сондай-ақ, бюджет жобасын екінші оқылымда 8-ақпанда қарау туралы шешім қабылдады.