Қырғызстан парламентшілері "Тараз - Талас - Суусамыр автожолын реабилитациялау" жобасына қосымша $2 млн 300 мың бөлуді қарастыратын заң жобасын мақұлдады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бастапқыда 37 шақырым жол салу көзделген болатын, артынан бұл сан 57-ге дейін өсті. Осыған байланысты жобаны қаржыландыруды Ислам даму банкі қосымша 1 млн 300 мың ислам динарын, яғни, $2 млн 300 мың бөлуді мақұлдады.