Баспасөз қызметі хабарлағанындай, бұл заң жоғарғы кеңеспен 2008 жылдың 8 ақпанында қабылданып, оған қырғызстан президенті 20 наурызда қол қойғаннан кейін күшіне енді. Бюджеттің шығыс көлемі 41 млрд 500 млн сомды құраса, табыс бөлігі- 36 млрд 300 млн сомға жетті.
Республикалық бюджеттің табыс бөлімі 567 млн сомға ұлғайтылуы ескеріле отырып жасалған. Онда әлеуметтік сектордың шығындары көтеріліп, педагогикалық еңбек тәжірибесі бойынша бірыңғай тарифтік тізім енгізілген, сондай-ақ ұстаздардың тәжірибесі үшін қосымша төлемдер қарастырылған. Бюджетте мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына, құрылыстарға және тағы да басқа әлеуметтік нысандарға қомақты қаржы бөлінетін болады.
Жергілікті билік органдарына 3,5 млрд сом бөлінсе, мемлекеттік аппарат қызметіне- 4,9 млрд сом қарастырылған. Түп - Кемін - көлік жолының құрылысына 100 млн сом, Бішкек - Торұғарт трассасын төсеу жұмыстарына 180 млн сом, арық-арна желісінің дамуына - 330 млн сом бөлінді. 2008 жылдың бюджеті бойынша Қамбар-Ата ГЭС каскадының құрылысына 1 млрд сом жұмсалатын болады.
$1 - 36,5 сомға теңелген.