"Қаржылық басқарудың тартымды элементтерінің бірі -банк капиталдарын одан әрі ұлғайту болады", - деді К. Бакиев парламенттің отырысында сөйлеген сөзінде.
Оның пікірінше, банк қаржысын ұлғайту арқылы, коммерциялық банктер мемлекет экономикасының дамуына үлес қосып, оларға өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға инвестиция салуға рұқсат беру керек.
2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, банк капиталының мөлшері 100 млн сомға көтерілді. Ал 2006 жылдың қаңтарындағы талап бойынша, банктердің жеке меншігінде қаржысы 60 млн сомды құраған.
Бүгінде Қырғызстанда қазақ банктерінің үлесі жалпы көлемнен 70 пайыздан кем емес.
Бұған қоса Қырғызстан мемлекет басшысы, ішкі ресурстарды пайдаланып, инвестиция тарту жолдарына назар аударды. К. Бакиев бірінші кезекте үкіметке ұлттық ірі инвестициялық жобалардың ұзақ мерзімді облигацияларын шығару мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Мәселен, Қамбарата 1 және 2-ші ГЭС құрылысы және халықаралық дәрежелі көлік магистральдары сияқты жобалар бар.
1$- 35 сом.