Хатта атап көрсетілгеніндей, Қырғызстан жалпы интеграциялық процестердің, соның ішінде Орталық Азия аймағындағы осындай талпыныстардың белсенді жақтаушысы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 18-ақпанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастама көтерген болатын. "Біз бос сөзден экономикалық тығыз ынтымақтастыққа нақты бетбұрыс жасап, ортақ рынок пен ортақ валютаға ден қоюымыз керек",- деді Қазақстан президенті. Н.Назарбаевтың айтуынша, "Орталық Азия аймағындағы интеграция - тұрақтылыққа, ілгерілеушілікке, аймақтың экономикалық, әскери және саяси тәуелсіздігіне бастайтын сара жол болмақ". "Мұндай жақындық осы өңірде тұратын халықтардың қарапайым мүддесіне сай келеді",- деді ол.