Қырғызстан президенті Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқан жеделхат жіберді

"Қарағанды облысының Абай шахтасында 11-қаңтар күні болған апат садарынан 30 кеншінің қайтыс болғаны жөніндегі хабарды аса өкінішпен қабылдадым. Қырғызстан халқы өздерінің туғандары мен жақындарын жоғалтқан туыстардың қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - деп көрсеткен жолдау мәтінін баспасөз қызметі.

Бұрын хабарлағанымыздай, 11-қаңтар күні 9.20-да "Арселор Миттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің Абай шахтасында метан жарылысы оболды. Осы кезде шахтада 191 адам болған. Қазіргі уақытта 14 адам Қарағанды мен Абай ауылының ауруханаларында емделуде.