"Мен елдің қазіргі президентке деген сенімі жөнінде референдум ұйымдастыруға дайынмын, бірақ ШЫҰ саммитін өткізгеннен кейін",-деді Қ.Бәкиев. "Біздің ел үшін тарихи маңызы бар саммит алдында саяси акция ұйымдастыру-жауапсыздық",-деді ол.
Елбасы кейбір саяси күштердің жедел президент сайлауын өткізу туралы талаптарын орынсыз деп атап өтті. Қ.Бакиев кейбір үкімет мүшелерінің отставкаға кету туралы шешімдерін де асығыстық деді. Шенеуіктердің елдегі тұрақтылық үшін өз орынтақтарын босатуға дайын екендеріне президент өз алғысын білдірді.
Елбасы Қырғызстан үкіметінің құрамы "нақты ұсыныстарды қарастырғаннан кейін" ауыстырылуы мүмкін деді. Осыған дейін хабарланғандай , ел премьер -министрі Азим Исабеков коалициялық үкімет құру мақсатында министрлер кабинетінің бірқатар мүшесін отставкаға жібергенін мәлімдеген болатын.
ШЫҰ саммиті Бішкекте 2007 жылдың 16 тамызында өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті