Қырғызстан президенті тікелей эфирде азаматтардың сауалдарына жауап береді

KZ-today ақпараттық агенттігінің Бішкектегі тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, А.Ақаев азаматтар сауалына 25-желтоқсанда орыс, 26-желтоқсанда қырғыз тілінде жауап береді. Тікелей эфир ұлттық телерадиохабарлары корпорациясы арнасында өткізіледі.

Қырғызстанда қырғыз тілі мемлекеттік, ал орыс тілі - ресми тіл деген мәртебеге ие болуға байланысты президент екі тілде сөйлемек.
Қырғызстан мемлекет басшысымен интерактивті сұхбатқа республиканың әрбір азаматы қатыса алады. Тұрғындардың сауалдары пошта, телефон немесе электронды пошта арқылы алдын-ала қабылдануда.
Мемлекет басшысының әкімшілігі президентке сауал жолдайтын әрбір азаматтан аты-жөні, мекенжайы, жұмыс орны мен телефон санын көрсетуді өтінеді.