Қырғызстан президентінің лауазымынан дәмесі бар басты үміткерлердің бірі сайлауға қатысудан бас тартты

Мемлекет басшысы әкімшілігінің түсініктемесіне сәйкес, Ф.Кулов пен Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев сайлау алдындағы одақ құрды. Олар қол қойған меморандумға сәйкес, Кулов сайлауға қатыспайды, бірақ, Бакиев сайлауда жеңіске жеткен жағдайда республиканың үкімет басшысы болып тағайындалады.

Бұл меморандумды Конституциялық соттың төрайымы Чолпон Баекова, Жоғарғы сот төрағасы Құрманбек Осмонов пен Қырғызстан парламентінің жеткшісі Өмірбек Текебаев куәландарады деп жоспарланған.
Алдағы конституциялық реформалар барысында үкімет басшысының құзыреті аясы біршама кеңейтіліп, үкімет басшысы ел экономикасын қадағалап, мемлекет басшысы саяси мәселелерді реттейді деп күтілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің кезектен тыс сайлауы 10-шілдеге белгіленген. Мемлекет басшысының лауазымынан үміткерлер ретінде сайлауға қатысуға 10 саяси партия ниет білдірді. Бірақ Ф.Кулов пен Қ.Бакиев басты қарсыластар деп саналған болатын.