Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қ.Бакиев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесуді жоспарлап отыр. Келіссөздер "1+2" форматымен өтіп, президентпен кездесуге Қ.Бакиевпен бірге республика вице-премьерінің міндетін атқарушы Данияр Үсенов те қатысады, деді баспасөз қызметіндегілер.
Кездесу барысында түрлі бағыттағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.