Қырғызстан президентінің қызы жалаңаш суретін жариялап сынға ілікті

Әлия Шагиева іш киіммен түскен суретін жариялады. Ол айы-күні толып, босанар уақыты жақындағанына қарамастан бір аптадан бері жалаңаш суреттерін желіге жариялауда.

Президенттің қызы осылайша өзінің жүкті екенін білдірді. Әлия Шагиева қазір Санк-Петербургте жолдасымен бірге тұрып жатыр.

Шагиева үш күннен соң басқа сурет жариялап, елдің ашуына тиді. Суретті ұнатқан адам саны да көп. Көпшілігі мұндай әрекеттердің ел президентінің қызына сай еместігін айтты.


Алайда оған жауап ретінде президенттің қызы парақшасындағы пікір жазу қызметін өшіріп тастады. Ол сыни пікірлерге мән бермейтін секілді. Былтырғы жылы да өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаны үшін халықтың сынына ұшыраған болатын.