Оның айтуынша, үміткердің бірі алаяқтық жасағаны үшін екі мәрте сотталған, бірақ жазасын өтеп шыққан.
"Біздің заңдар либералды болғандықтан, жазасын өтеп шыққандар президенттікке үміткер атана алады. ОСК заңмен жұмыс істейді", - деді Шайлдабекова.
Оның айтуынша, президенттікке үміткер 59 адамның жетеуі әйел. Сегіз үміткер мемлекеттік қызметте, жетеуі - коммерциялық ұйымдарда, 29-ы ө коммерциялық емес ұйымдарда істеді. Тоғыз үміткер уақытша жұмыссыз, алтауы - зейнеткер.
ОСК президенттікке үміткерлерді тіркеу үшін құжат қабылдауын аяқтады.