Қырғызстан президенттігінен үміткерлер саны 30 адамға жетті

Олардың деректеріне сәйкес «Тұрақты халық кеңесінің» төрағасы Әзімбек Бекназаровтан өзін-өзі ұсыну жолымен президент лауазымына кандидат ретінде тіркеу туралы өтініш түскен. Бүгінде Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткерлерден 25 өтініш түсті: Н.Нышанов, О.Текебаев, А.Абдылдаев, Б.Дегенбаев, С.Сұлтанидинов, К.Шаршекеева, Т.Масадыков, О.Бабанов, Р.Қарасартова, Тұрсынбай Бакир уулу, З.Мұратбекова, С.Энназаров, С.Абдрахманов, М.Чолпонбаев, К.Чороев, А.Сартаев, К.Бешбаков, И.Трофимов, М.Жұмабеков, У.Кочкоров, Н.Мамедов, Р.Жунусов, Шерикул уулу Мирлан, А.Малиев және Ә.Бекназаров.

Темір Сариев «Ақ-Шұмқар» партиясынан, Бакыт Торобаев «Онугуу-Прогресс», саяси партиясынан, Тұрсынбек Акун «Адам укугу» саяси партиясынан, Адахан Мадумаров «Бүтүн Қырғызстан» саяси партиясынан, Сооронбай Жээнбеков «Қырғызстан Социал-демократиялық партиясынан».