Қырғызстан Қазақстан пайдаланатын Талас су қоймасының суын ағызып жібермек

Талас су қоймасындағы судың 12 пайызын ғана Қырғызстан, ал қалғанын Қазақстан пайдаланып келген. Қырғызстандағы бұл қойма 1975 жылы салынған.

Министрлік жөндеу жұмыстары туралы Қырғызстандағы Талас облысы, Манас ауданындағы және Қазақстандағы Шу-Талас аймағындағы су инспекциясына ескерткен.

Су қоймасының жөндеу жұмыстары Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында туындаған мәселемен тұспа-тұс келіп отыр.