Қырғызстан Қазақстанға Жамбыл ГРЭС-іне газ транзиті үшін 87 млн $ төлейді


Бұл туралы парламенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мұндай мәлімдемені кеше Қырғызстанның бюджет және қаржы жөніндегі парламенттің комитет отырысында Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев мәлімдеді.
«Бұл қаражат ГРЭС операциялық шығындарын төлеуге жұмсалады, оны республикалық бюджеттен бөлу жоспарланған. Төлем Қырғызстан үшін жетпейтін электр қуаты өндірілгенген дейін жүргізілуі тиіс, өйткені келісімшарт бойынша республика Жамбыл ГРЭС-імен тек алдын ала төлем бойынша жұмыс істейді», - дейді Д.Оторбаев.
Қырғызстанның энергетикалық нарығындағы жағдай ауыр. Экспорттаушыдан біз импорттаушыға айналудамыз. Бішкек ЖЭС үшін күзгі-қысқы кезеңге мазут пен газ сатып алуға 59 млн $, яғни 3,3 млрд сом бөлінеді. Электр қуатын, газ бен мазут сатып алуға қаражатты бюджеттен алу жоспарлануда», - дейді премьер.