Заң тараптар 2001 жылдың 15 желтоқсанында Астанада қол қойған келісімді бекітуді қарастырады, деп атап көрсетті баспасөз қызметі. Осыған байланысты Қырғыз Республикасының үкіметіне аталмыш құжатқа республиканың Талас облысы Қарабура ауданы Көксай мекені және Бішкек - Торугарт жолының Шу облысы Ысыката ауданы Достық ауылы маңындағы айналма бөлігі бойынша өзгертулер енгізу мүмкіндігі жайында Қазақстанмен тиісті келіссөздер жүргізу тапсырылды.
Заң бойынша Сыртқы істер министрлігіне ратификациялық грамоталармен алмасу тапсырылды. Заң қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.