Қырғызстан Қазақстанмен бірлесе отырып есірткіге қарсы "Арна" операциясының дайындық жұмыстарына кірісті

"Осындай қатынастарды жасау жөнінде келісімге өткен жылы қол қойылған болатын. Алайда былтыр түрлі себептермен операцияны өткізуге мүмкіндік болмады. Енді 2007 жылдан бастап бірлескен акцияны жыл сайын кемінде бір рет өткізу жөнінде шешім қабылданды ", - деп хабарлады ІІМ есірткіге қарсы күрес басқармасында.

"Ол кешенді түрде өтетіндіктен, оған дайындықтар алдын- ала өткізіле бастады. Бірақ нақты өткізу уақыты жарияланбады. "Арна" осы сала бойынша ТМД, ЕурАзЭҚ, екі жақты қатынастар аясында дамып жатқан қырғыз -қазақ ынтымақтастығына маңызды үлес қосатын болады", - деп атап өтті ЕҚБ.

ІІМ ақпараты бойынша республиканың Талас облысында Қазақстанның есірткі құрылымдарының тапсырысы бойынша кендір өсіріле бастады. Күш құрылымдарының пайымдауынша, шығарылатын өнім Қазақстанға жеткізілуі тиіс. Бұл жерде Үндістан кендірі туралы әңгіме болып отыр, оның сапасы ыстық көл мен шу даласында өсетін кендір шөптен әлде қайда жоғары.

"2007 жылы Талас облысында Бақай-Ата ауданында 1,2 гектар алқабына осындай кендір себіліп, одан 2,5 мың тонна өнім жиналғандығы анықталды. Алқаптарды қарулы адамдар күзеткен. Мұндай шаралар бұл бизнестің жақсы ұйымдастырылғандығының бірден-бір белгісі ", - деп хабарлады ІІМ қызметкерлері.