Қырғызстан Қазақстаннан 30 мың тонна бидай сатып алады

"Бұл қорға құйылып сақталып қойған 70 мың тонна жоғары сапалы бидайға қосымша қомақты қор болады ", - деп хабарлады мемлекеттік агенттіктегілер. "Бидай тоннасы көрші мемлекеттен 360 долларға сатып алынып отыр, ал Еуропа елдеріне 100 доллар қымбатқа сатылады", - деп түсіндірді ведомствода.

Мемлекеттік агенттік директоры Пайзуллабек Рахмановтың сөздері бойынша, қорға құйылып жатқан бидай мемлекеттік азық -түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Қазақстанан сатып алынған бидай елге наурыздың аяғында жеткізіледі.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Қырғызстан шенеуніктері қосымша тағы да бидай көлемін сатып алу мәселесін талқылауда. Хал ахуалы төмен болып саналатын 1,3 млн Қырғызстан тұрғындарына өнім жеңілдетілген бағамен сатылатын болады.