Бұл туралы «24.kg» АА хабарлауынша, Қырғызстан Республикасы ауыл шаруашылығы және мелиорация министрі Таалайбек Айдаралиев хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы қырғызстандық фермерлер 800 мың тонна астық жинаған. 2014 жылы астық түсімі 695 мың тонна болады деп жоспарлануда.
Шенеуніктің мәліметтері бойынша, Қырғызстанның оңтүстігінде жақсы нәтиже байқалуда - бір гектардан 31 центнер өнім алынбақ.
Таалайбек Айдаралиев Қырғызстанда азық-түлік дағдарысы болмайды деп санайды, қажет болған жағдайда биліктегілер Қазақстаннан астық сатып алмақ.
Ресми ақпарат бойынша, Қырғызстан жыл сайын Қазақстаннан 200 мың тоннаға дейін астық сатып алады.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2014-2015 маркетингті жылында шамамен 8-9 млн. тонна астықты экспорттай алады.