Қырғызстан: Қ.Бәкиевтің қаражатына қатысты тағы шу шықты


Жуырда ғаламторда банктің бақылау камерасы түсіріп алған бейнекөрініс пайда болды. Ол жерде қаржы полициясы қызметкерінің Бәкиевтің ұяшығындағы ақшаны өз қалтасына салып жатқаны көрсетілген. Сондай-ақ қырғыз Парламентінің депутаттары есеп-шотта 20 млн доллар емес, одан 5 есе көп ақша болу керектігін айтуда. Сондықтан олар қалған ақшаның қайда кеткенін Үкіметтен сұрады.  Ал  үкіметтегілер Бәкиевтің есеп-шотында 20 миллион доллар ғана болған деп айтуда.