Қырғызстан Ресейден астық тасымалдауды көздеп отыр

Министрліктің хабарлауынша, Қырғызстанның Ауыл шаруашылық министрі Арстанбек Ногоевтың жақында Ресейге жасаған сапарының барысында осындай импорттың мүмкіндігі сөз болған. Оның Ресейлік әріптесі Алексей Гордеевпен келіссөздері кезінде әртүрлі ауыл шаруашылық өнімдерін, тұқым материалдарын өзара тасымалдауды жандандырудың пайдалылығы атап өтілді. Бұл рете А. Гордеев биылғы жылы соңғы 15 жылдағы астықтың алғашқы рекордтық түсімін алған Ресей оның бір бөлігін арасында Қырғызстан да бар ДСҰ мүше мемлекеттерге тасымалдауды көздеп отырғанын мәлімдеді.