Қырғызстан Республикасы ТМД мен ЕурАзЭҚ саммиттерін өткізу жұмыстарына дайындалуда

"Осы мәселеге орай Қырғыз елінің сыртқы істер министерлігінде өткен ведомствоаралық жиын өткізіліп, Қырғызстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында төрағалық ету мәселесі талқыланды ", - деп хабарлады бүгін сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшыларының соңғы кездесуінде айқындалғанындай, 2008 жылы ТМД елдері арасындағы көлік-коммуникация саласын тұжырымдық дамыту жолдарын қарастыру керек. Осыған байланысты Қырғыстан Республикасы президентінің берген тапсырмасын орындау мақсатында, бірқатар кешенді шаралар да талқыланды. Сондай-ақ, Бішкекте ЕурАзЭҚ және ТМД мемлекеттерінің қатысушыларына арналған аттас конференциясының дайындық жұмыстары қарастырылды", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.