Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Бакиевті президент сайлауының ресми жеңімпазы деп таныды

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қол қойған хаттама мен қаулы Қырғызстан Конституциялық сотына өткеріп берілді. Ендігі жерде Конституциялық сот үш күннің ішінде сайлаудың заңдылығы туралы қорытындысын жариялауға тиіс.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауы 10-шілдеде өтті. Сайлаушылардың 74,6 проценті дауыс беруге келді. Қырызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев үшін сайлаушылардың 88,65 проценті дауыс берді. Қ.Бакиевтің инаугурациясы тамыз айының басында өтеді деп күтілуде.