"Қырғызстан Республикасының Ұлттық электр желісі" ААҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының тұрақты суытуы қуат жүйесіндегі жүктеменің өсуіне әкеп соқтырып отыр.
Электр қуатын тұтыну республикадағы электр жүйелеріне түсетін салмақтың шектен асқандығы және 110 - 500 кВ жоғары вольтты желілердегі кернеудің айтарлықтай төмендегендігі байқалады. Кернеу деңгейін көтеру мақсатында Қырғызстандағы да, Орталық Азиядағы біріккен қуат жүйелеріндегі де барлық техникалық резервтер енгізілген. Сөйтсе де ең жоғарғы жүктеме сағаттарында бақылаудағы точкалардағы кернеулік деңгейінің төмен екендігі байқалуда.
"Қырғызстан Республикасының Ұлттық электр желісі" ААҚ хабарлауынша, Қырғызстанның солтүстігіндегі кернеулік деңгейінің төмен болуына Атбаш СЭС ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары да кері әсер етіп отыр. Аталмыш станцияда жөндеу жұмыстары өткен жылдың 10-тамызында басталған және де қазіргі күнге дейін жұмысқа кіріспей отыр.
Компанияның ақпараттарына сүйенсек, дәл осындай көрініс республиканың оңтүстігінде де байқалып отыр. Ош қаласының ЖЭС-дағы үстіміздегі жылдың 5-қаңтарында болған жағдайды жөндеу үшін екінші турбогенератор іске қосылған болатын. Соның арқасында Ош қуат торабындағы кернеулік деңгейі көтерілген болатын. Тіптен станцияның мұндай жұмыс режимі желі құрылғыларының жүктемесін айтарылқтай тұрақтандыры, электр қуатының сапасын арттыруға мүмкіндік берген болатын. Ош қаласындағы ЖЭС екінші турбогенераторы отынмен қамтамасыз ету проблемасы салдарынан үстіміздегі жылдың 22-қаңтарында үзілген болатын.