Қырғызстан Санта-Клаустың отаны екендігін дәлелдемек

Мемлекеттік туризм агенттігі мен мәдениет министрлігі қырғызстандықтарды "2008 жылды Санта-Клаус жылы деп жария ету бастамасын және дүниежүзіне Санта-Клаус - Аяз-Ата, Чолпон-Ата және Қыдыр-Ата сияқты ертегі кейіпкерлерімен қатар тұратын біздің отандасымыз екендігін дәлелдеуді қолдауға" шақырды", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Осыған байланысты келер жылы "Санта-Клаустардың бүкіләлемдік конгрессін өткізу, Ферғана шыңына шығып, атауы жоқ тауға "Санта-Клаус шыңы" атауын беру, сонымен қатар жаңа дәстүр - Санта-Клаустың рождестволық стартын құрып, салтанатқа дүниежүзінің саяси көшбасшыларын, қоғам қайраткерлерін, өнер жұлдыздары мен БҰҰ ерікті елшілерін шақыру жоспарлануда, деп хабарлады мемлекеттік туризм агенттігіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, республикада сондай-ақ Санта-Клаустар арасында әлем чемпионаттарын жүргізіп, рождестволық апталық ұйымдастыру жоспарлануда. Чемпионат аясындағы жүргізілуі мүмкін жарыстардың бірі - түтіндікпен өрмелеп шығу.