Қырғызстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы жұмыс сапарымен елімізге келеді

Сапар 27-29-сәуір аралығында жалғасады деп күтілуде. Р.Отунбаева сапар барысында республика үкімет басшысы Даниал Ахметов, парламент сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездеседі.

Қырғызстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы сонымен бірге президенттің мәдениет орталығы, Астананың жаңа әкімшілік орталығы, "Астана бас жоспары" ҚКК, "Бәйтерек" және "Думан" кешендерін аралайды.