"Жәрдемдесу жөніндегі дабыл бірнеше сағат бұрын келіп түскен. Белгілі ақпаратқа сәйкес, бір жиҺанкездің өкпесі ісіне бастаған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Ресейлікті құтқару үшін Қырғызстан Төтенше жағдайлар миниистрлігінің тікұшағы жолданды. Оның бортында дәрігерлер мен құтқарушылар тобы бар",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Мекеменің түсініктемесі бойынша, альпинистер тобы Данков шыңына өрмелеп жүрген. "Бұл республикадағы ең күрделі шыңдардың бірі, биіктігі 5982 метрге тең. Әдетте шыңға 22-24 сағат немесе үш тәулікте өрмелеп шығуға болады", - деп нақтылайды министрлік қызметкерлері.