Қырғызстан тұрғыны өзінің 5 отандасын ҚР азаматына сатқан деген күдікпен құрықталды

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, қылмысты Ош облысының ішкі істер басқармасының қызметкарлері анықтады. Олардың мәліметтері бойынша, Қырғызстан аймағының әйел тұрғыны өткен жылдың сәуір айында жұмысқа орналастырамын деп 48 жастағы Асанчек ауылының тұрғыны мен оның төрт танысын Астанаға апарған.

Әйел олардың әр қайсысына мың доллардан ақша беремін деп уәде берген. Отандастарын Қазақстан астанасына жеткізгеннен кейін алаяқ әйел оларды бір жергілікті кәсіпкерге сатқан.

Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, бұл іске қатысты тергеу жұмыстары басталды.