Қырғызстан үкімет басшысы жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында Ф.Кулов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет басшысы Даниал Ахметов, парламент сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездеседі.

Бұл - Ф.Куловтың Қырғызстан үкімет басшысы лауазымына бекітілгеннен кейін Қазақстанға жасаған тұңғыш сапары.