Қырғызстан үкіметі Қазақстанмен шекараласатын аумақ мәселесін қайта қарастыруды жалғастыруға уәде беріп отыр

Бүгін Жогорку кенештің отырысында елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Асқарбек Бешимовтің түсіндіруі бойынша, ел Конституциясында мемлекеттік шекараны қайта қарастыру туралы норма бар.

Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасы үкіметінің аппаратының өңірлік мәселелер бөлімінің меңгерушісі Саламат Аламанов Қырғызстан мен Қазақстан арасында әзірге шекара дейтіндей шекара жоқтығын атап өтті.

"Тиісті келісімді бекіткеннен кейін біз заңға бағына отырып, бұл мәселені қайта қарастыруға кірісуімізге болады", - деп сөзін түйді шенеунік.