Қырғызстан үкіметі Қазақстаннан астық партиясын сатып алмақшы

И. Чудиновтың айтуынша, таяудағы уақыттарда 50 мың тоннаға жуық астық сатып алу жоспарланған, ол мемлекеттік материалдық резервке жіберіледі.

"Елімізде 60 мың тоннаға жуық астыққа қол сұғылмауы тиіс, ал қалған 30 мың тоннасы айналымда болады. Сол арқылы біз елімізде шұғыл астық тапшылығына жол бермейтін боламыз", -деді И.Чудинов.