Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстаннан спирт сатып алу қажеттілігіне себеп болған спирт өндірісі үшін қажетті өз шикізатының жетіспеушілігі. Спирт және алкогольдік өнімдерді өндіру, сақтау және сату мемлекеттік агенттігінің мамандары атап көрсеткендей, жетіспеушілік себебі қымбат бидай болып отыр. Осыған байланысты өздерінен арзан өзге мемлекеттерден спирт импорттау туралы үкімет қаулысының жобасы жасалуда. Мысал үшін, Қазақстан спирті Қырғызстан спиртіне қарағанда арзан болып табылады.