"Инвестиция ағыны Қырғызстаннан кері ағылмайды, керісінше оның көлемі артады",- деп пайымдайды Қ.Бакиев. Үкімет басшысының айтуынша, инвестиция ауқымының артуы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне ынталандырады. Қ.Бакиев бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр деп мәлімдеді.
Қырғызстан үкімет басшысы сондай-ақ мемлекеттік шекараны ашу туралы мәселе бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш жасағанын хабарлады. Себебі, шекараны жабу салдарынан Қырғызстандық кәсіпкерлер қыруар шығынға батуда. Қ.Бакиевтің айтуынша, Қазақстан мемлекет басшысы бұл мәселені шешуге уәде берген.
Сонымен бірге Қ.Бакиев Асқар Ақаевтың дәл қазір Қырғызстанға оралуы туралы идеяны қолдамайтынын мәлімдеді. Үкімет басшысыынң пікірінше, дәл бүгінгі таңда президенттің қауіпсіздігіне кепілдік беру қиын. "Республикадағы ахуалдың тұрақтануын тоса тұрып, мұндай мүмкіндікті кейінірек қарастырған жөн",- деді ол.