Қырғызстан үкіметі үйінің алдына наразылық шеруге шыққандар Бакиев пен Құловтың отставкаға кетуін талап етуде

Қырғызстан үкіметі үйінің маңайына жиналғандар, "Бакиев, кетсін!", "Құлов, кетсін!", деп жар салуда.

Бүгін наразылық танытушылардың арасында ресейшіл қарым-қатынас туралы мәселе көтерілді. Олардың айтуынша, ел президенті Бәкиев осы жылдың жаз маусымында Қырғызстанда Борис Березовскиймен кездесіпті- міс.

"Қырғызстан -Ресеймен, Бакиев-Березовскиймен, Қырғызстан мен Ресей-достық қарым-қатынас, Бакиев пен Березовский -коммерциялық қарым қатынас",-деп мәлімдеді бүгін "Реформалар үшін!" оппозициялық қозғалысының өкілі, депутат Темір Сариев

"Бүгінде Ресей 500 мыңға жуық қырғызстандықтың баспанасына айналды, ал Бакиев-Қырғызстанның жауы, Березовскийдің келуімен ол Ресей мен Қырғызстан арасындағы қарым қатынасқа сызат түсірді",- деп мәлімдеді республиканың қоғамдық қозғалысы өкілдерінің бірі Игорь Трофимов.

Шеруге қатысушылардың санына қатысты оппозиция өкілдері мен құқық қорғаушылардың мәліметі әрқалай. Алдыңғылары бүгін алаңға 20-30 мыңнан астам адам жиналды десе, ҚР ІІМ қызметкерлері шеруге 3-5 мың адам қатысты дейді.

Үкімет үйінің шатырынан шеруді мергендер бақылауда. Ғимаратты ОМОН қызметкерлері қоршауға алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті