Қырғызстан үкіметі жекешелендіруге тиісті жоғарғы оқу орындарының тізімін әзірлеуде

"Білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, жекешелендіруге тиесілі жоғарғы оқу орындарының тізімін анықтау критериясы мен механизмін әзірлеу қажет",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Жұмыс тобын Қырғызстанның білім және ғылым министрінің орынбасары Адина Боронов басқарады. Мекемеаралық жұмыс тобына үш ай ішінде "жекешелендіруге тиісті республикалық және аймақтың маңызы бар жоғарғы оқу орындарының тізімін анықтау критериясы мен механизмін белгілейтін" нормативтік акт жобасын әзірлеп, үкімет қарауына енгізу тапсырылды.

Осыған байланысты Қырғызстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне сәйкес министрліктермен және мекемелермен бірлесе отырып, мекемеаралық жұмыс тобының жұмысына қажетті жағдай жасау тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті