Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, апат салдарын жоюға үкіметтің резервтік қорынан 1 млн сом бөлу туралы шешім қабылдады (1$ - 35 сом). Ол қаражат Ош облысының мемлекеттік әкімшілігі мен Ош қаласының мэриясы арасында бөлінеді.
Бұдан өзге Қырғызстан үкіметі Төтенше жағдайлар министрлігіне 6 млн сомнан астам материалдық құралдар бөлген.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, трансфарматорлар мен құрылыс материалдары өткен жылдың 26-желтоқсанында Ош облысындағы жер сілкінісі кезінде бүлінген қоғамдық маңызы бар объектілерді қалпына келтіруге пайдаланылатын болады.
Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 26-желтоқсанында Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің кіндігінде 5,5 - 6 балл тіркелген. Шамамен осындай болатын қайталанған сілкініс Ош облысында 1-қаңтар күні орын алды. Нәтижесінде 700-ден астам үйлер мен қоғамдық ғимаратар әртүрлі деңгейде бүлініске ұшырап, көптеген қырғызстандықтар баспанасыз қалды.