Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары Ақылбек Тюменбаевтың айтуынша, жоба осыдан 10 жыл бұрын Тәжікстан, Ауғанстан мен Пәкістанға электр қуатын жеткізу үшін ойластырылған. Электр жалғастыру желісі Жалалабад облысы Базарқорған ауданындағы "Датқа" қосалқы станциясынан Тәжікстандағы Ходжент қосалқы станциясына дейін жалғасады. Бұл желімен 2 млрд киловатқа жуық электр қуатын экспортқа шығару көзделуде.