Қырғызстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің директоры Эркин Асангуловтың айтуынша, жаңа электронды жүйе шетел азаматтарына визаны интернет арқылы алуға мүмкіндік береді.
Ол үшін шетел азаматы evisa.e-gov.kg сайтында арнайы форманы толтыруы керек. Сонымен бірге сурет және төлқұжат көшірмесі жүктеледі. Консулдық төлем банк арқылы төленеді. Өтініш үш күнде қаралады.
Жаңа электронды виза жүйесі "Таза коом" ("Таза қоғам") жобасы аясында жүзеге асты.