Қырғызстан Ыстықкөлдегі пансионаттарды қосымша инвестициялар салу шартымен Қазақстанға беруге дайын

Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінен хабарлады.

Елшіліктегілердің түсініктемесіне сәйкес, аталмыш пансионаттарды Қазақстанның меншігіне 1 айда өткеріп беру туралы хаттамаға сонау 2003-жылдың желтоқсан айында қол қойылған. Бірақ сол тұста мәселе аяқсыз қалған. Сол себепті тараптар Феликс Куловтың жуырдағы Астана сапары кезінде мәселені қайтадан талқылауға кірісті.
Елшіліктің ақпаратына сәйкес, екі елдің тиісті мемлекеттік құрылымдары қазір нысандарды қосымша инвестициялар салу арқылы 3-4 жұлдызды қонақүйлерге айналдыру шартымен Қазақстанның меншігіне беру мүмкіндіктерін талқылап жатыр. Пансионаттар орналасқан жерлер 49 жылға жалға берілмек.